Categories Жайық news

Депутат: Әлеуметтік желі баланың жасын оның көрген контентіне қарап анықтай алады

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, әлеуметтік желілер пайдаланушының жасын оның қандай контент көретініне талдау жасау арқылы анықтай алады. Бұл пікір Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік желіге тіркеуге ықтимал шектеу қою туралы талқылаулар кезінде айтылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, ірі цифрлық платформалар қазірдің өзінде аккаунт иесінің мінез-құлқына қарай оның бала немесе ересек екенін бірнеше күн ішінде ажырата алатын арнайы алгоритмдерді қолданады.

Сонымен қатар депутат жасты растаудың дәстүрлі әдістері, мысалы, туған күнді көрсету немесе жеке куәлік деректерін енгізу толық кепілдік бермейтінін жеткізді. Себебі балалар мұндай шектеулерді ата-анасының аккаунты арқылы немесе басқа да жолдармен оңай айналып өтеді.

«Бұл жерде әңгіме толық тыйым салу туралы емес, кәмелетке толмағандардың зиянды контентке қолжетімділігін төмендететін кезең-кезеңімен енгізілетін тосқауылдар туралы болып отыр», – деп атап өтті депутат.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…