Categories Жайық news

Алматы облысында экс-полицей Lexus көлігімен баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

4 шілде күні Алматы облысының Көкөзек ауылында алты жасар бала жол апатына ұшырады.

Lexus RX 300 көлігінің жүргізушісі көлікті кері жүргізу кезінде велосипед теуіп жүрген баланы қағып кеткен. Апаттан кейін жүргізуші зардап шеккен балаға көмек көрсетпестен, оқиға орнынан қашып кеткен. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерекке байланысты жол-көлік оқиғасы мен оқиға орнын тастап кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

«6 шілде күні 42 жастағы ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.

Құзырлы органның мәліметінше, күдікті бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен, алайда теріс себептермен жұмыстан шығарылған.

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…