Categories Қаржы

Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атанды

Сурет: CNBS

SpaceX компаниясының акцияларын сатудан 75 млрд доллар тартылуы Илон Масктің байлығын күрт өсірді. Соның нәтижесінде оның негізгі активінің құны артып, жалпы дәулеті 1 триллион доллардан асты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Зымырандар, спутниктік жүйелер және жасанды интеллект саласымен айналысатын SpaceX акцияларын сатудан 75 млрд доллар инвестиция тартты. Бұл инвесторлардың Масктың бизнес-жобаларына деген жоғары қызығушылығын көрсетті.

Акциялар орналастырылғанға дейін Forbes Масктің байлығын шамамен 780 млрд доллар деп бағалаған. Алайда SpaceX-тің құны қайта есептеліп, акциялары саудаға шыққаннан кейін оның дәулеті 1,1 триллион доллардан асты.

Маск байлығының негізгі бөлігі SpaceX-тегі үлесіне тиесілі. Компаниядағы оның үлесінің құны шамамен 866 млрд долларға бағаланады. Сонымен қатар, оның активтерінің елеулі бөлігін Tesla акциялары мен басқа да инвестициялары құрайды.

Кәсіпкердің есімі 2022 жылы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісін 44 млрд долларға сатып алғаннан кейін де жиі талқылана бастады. Бұл мәміле оның қоғамдық және саяси ықпалын айтарлықтай күшейтті.

Сарапшылар Tesla-ның жетістігін әлемдік автокөлік индустриясының электромобильдерге көшуін жеделдеткен негізгі факторлардың бірі деп санайды. Қазір компанияның нарықтық құны 1 триллион доллардан асады.

Оңтүстік Африканың Претория қаласында дүниеге келген Маск Пенсильвания университетін тәмамдаған. Кейін ол ғарыш технологиялары, электромобильдер, жасанды интеллект және цифрлық платформаларды қамтитын ірі бизнес-империя құрды.

Еске сала кетейік, Илон Масктың зымыраны Техастағы Starbase ғарыш айлағынан ұшпай қалды.

Ұқсас жазбалар

Курчатовта қуаты 700 МВт жаңа электр стансасының құрылысы басталды

Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның басталуына орай…

Қазақстанда 7 шілдеден бастап барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіледі

Қазақстанда 7 шілдеден бастап барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіле бастайды. Жүйені толық іске қосу…

Қазақстанда бензин мен дизель экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін елден шығаруға қойылған тыйымды тағы алты…