Categories Жайық news

Қазақстандық спортшы Олимпиада финалына шықты: Софья Самоделкина Миланды бағындыруда

Миланда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан сынға түскен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Спортшымыз әйелдер арасындағы жекелей сында қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Ол өзінің бағдарламасын мүлтіксіз орындап, төрешілерден 68,47 ұпай жинады.

Бұл нәтиже оған үздік 24 спортшының қатарына еніп, Олимпиада ойындарының финалында, яғни еркін бағдарламада бақ сынауға мүмкіндік берді.

Енді Софья Самоделкина Олимпиада медалі үшін еркін бағдарламада әлемнің ең мықты мәнерлеп сырғанаушыларымен бірге мұз айдынына шығады. Бұл – Қазақстанның мәнерлеп сырғанау спортындағы маңызды жетістіктердің бірі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…

Астанада едені тесік автобус жүргізушісі жолаушылар тасымалдаған

Астана тұрғыны жолаушылар автобусының еденіндегі тесікті байқап, бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

БҚО-да «Ұлы өнердің ұлы арнасы» атты республикалық байқау өтті.

Қасиетті домбыраның үнімен дүйім жұртты тәнті еткен республикалық домбырашылар байқауының күй астанасы ауданымызда өткені мерейімізді…