Categories Жайық news

Тарихи жеңіс: Анна Данилина мансабында алғаш рет әлемнің 7-ракеткасы атанады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Дохада өткен WTA 1000 турнирінде чемпион атанып, мансабында тұңғыш рет әлемнің 7-ракеткасы деңгейіне көтеріледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Анна Дохадағы жарыста сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге өнер көрсетті. Олар финалда латвиялық Елена Остапенко мен тайбэйлік Се Шувэй жұбымен кездесіп, үш сетте жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 0:6, 7:6, 10:8.

Бірінші сетте бірде-бір гейм ала алмаған қазақстандық-сербиялық жұп екінші партияда 2:5 есебімен ұтылып жатып, матчболдан құтылып, тарихи камбэк жасады.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефаниден құралған мықты жұпты 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңген болатын.

Бұл – Данилинаның жыл басынан бері қатысқан екінші ірі финалы. Бұған дейін ол Australian Open турнирінің финалында бақ сынаған еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ   Оралда санитарлық-экологиялық айлық аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен…

Мұнай бағасы 18 жылдағы рекордты жаңартты: сарапшылар не дейді?

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 2008 жылғы дағдарыстан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар бағаның 2026…

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді: Дүмпу Ауғанстаннан жеткен

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше облыста жер дүмпуі сезілді. Эпицентрі Ауғанстанда орналасқан жер сілкінісінің күші 2 балл…