Categories Қоғам

Маңғыстауда есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталып, 20 келі марихуана тәркіленді

Сурет: Polisia.kz

Маңғыстау облысында заңсыз есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталып, 20 келіге жуық марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қарасора» және «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен және Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің 5-басқармасымен бірлесіп кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде Ақтау қаласындағы базарлардың бірінің аумағында аса ірі мөлшерде есірткі затын заңсыз сақтады деген күдікті ұсталды. Тергеу барысында күдікті пайдаланған қоймадан өсімдік тектес есірткі заттары анықталып, тәркіленді. Сондай-ақ оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен оларды пайдалануға арналған құралдар табылды.

Кейінгі жедел іс-шаралар барысында аталған дерекке қатысы бар тағы бір азамат анықталып, ұсталды. Сот-сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Оның жалпы салмағы шамамен 20 келіні құрап, аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын және есірткі жеткізу арналарының ықтимал жолдарын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…