Categories Жайық news

Азия чемпионаты: Қазақстандық велошабандоздар бір күнде үш медаль жеңіп алды

Филиппиннің Тайгатай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сәтті өнер көрсетіп, екі күміс пен бір қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әйелдер арасындағы жекелей қуу жарысында Рината Сұлтанова ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болып, қола медальді мойнына тақты.

Ерлер бәсекесінде Әлішер Жұмақан топтық жарыста ұпай саны бойынша үздік нәтиже көрсетіп, екінші орыннан көрінді. Осылайша ол күміс медальді еншіледі.

Сондай-ақ, Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов жұбы мэдисон сайысында күміс жүлдегер атанды. Отандастарымыз жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…

Астанада едені тесік автобус жүргізушісі жолаушылар тасымалдаған

Астана тұрғыны жолаушылар автобусының еденіндегі тесікті байқап, бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

БҚО-да «Ұлы өнердің ұлы арнасы» атты республикалық байқау өтті.

Қасиетті домбыраның үнімен дүйім жұртты тәнті еткен республикалық домбырашылар байқауының күй астанасы ауданымызда өткені мерейімізді…