Categories Саясат

Арменияда парламент сайлауы басталды, премьер-министр де айқындалады

Сурет: azertag.az

Арменияда жексенбі күні кезекті парламент сайлауы басталды. Сайлау қорытындысы бойынша елдің жаңа премьер-министрі де анықталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елдегі сайлаушылар саны 2 миллион 485 мың 851 адамды құрайды. Ел аумағында таңғы сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін 2005 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Бұл соңғы тоғыз жылдағы алғашқы кезекті парламент сайлауы. Бұған дейінгі 2018 және 2021 жылдардағы сайлаулар кезектен тыс өткен болатын. Биылғы додаға 18 саяси күш қатысуда. Заң бойынша сайлаушылардың ең төменгі қатысу шегі белгіленбеген. Сондықтан дауыс берген азаматтардың санына қарамастан сайлау өтті деп танылады. Дауыс беру пропорционалды сайлау жүйесі бойынша ұйымдастырылған.

Партиялар үшін өту шегі 4 пайызды құрайды. Екі немесе үш партиядан құралған блоктар үшін бұл көрсеткіш 8 пайыз, ал төрт және одан да көп партиядан тұратын кең коалициялар үшін 10 пайыз болып белгіленген.

GALLUP International Association ұйымының Армениядағы өкілдігі жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, оппозициялық партиялар күш біріктірген жағдайда билік партиясынан көп дауыс жинауы мүмкін. Сауалнамаға сәйкес, қазіргі премьер-министр Никол Пашинян жетекшілік ететін «Азаматтық келісім» партиясын респонденттердің 32,4 пайызы қолдауға дайын.

Ал ресейлік армян кәсіпкері Самвел Карапетян құрған «Күшті Армения» партиясы 16,4 пайыз, елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарян жетекшілік ететін «Армения» блогы 15,2 пайыз, кәсіпкер Гагик Царукян басқаратын «Гүлденген Армения» партиясы 8,8 пайыз, ал бұрынғы омбудсмен Арман Татоян жетекшілік ететін «Бірлік қанаттары» партиясы 6,2 пайыз қолдауға ие. Осылайша, негізгі төрт оппозициялық күштің жиынтық рейтингі 46,6 пайызды құрап отыр.

Ұқсас жазбалар

«Жас сақшы» полиция сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алды

Ішкі істер министрлігі «Жас сақшы» полиция сыныптарын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Бұл сыныптар өскелең…

Қазақстан мен Черногория арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесіп, екі ел президенттерінің келіссөздері нәтижесінде қол жеткізілген…

Мәжілісте Черногория Президентімен кездесу өтті

Мәжілісте Палата спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичті қабылдады. Бұл…