Президент үш заңға қол қойды: орман, телекоммуникация және қылмыстық кодекс

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш заңға қол қойды. Бұл заңдар орман шаруашылығы, телекоммуникация және қылмыстық заңнама салаларын қамтиды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да бекітілді.

Үшінші заң «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» болып табылады. Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Ұқсас жазбалар

Елорда күні елімізде 448 сәби дүниеге келді

Астана күнінде Қазақстанның перзентханаларында 448 нәресте дүниеге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз.

Үндістандағы көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында нөсер жаңбырдан болған көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тауып, 10…

14 облыста аптап ыстық күтіледі — Қазгидромет

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында қатты ыстық болады.