Тоқаев Головкинді бокс даңқ залына енуімен құттықтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, бұл тарихи оқиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасының ерекше маңызды екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, бұл Қазақстанның әлемдік аренадағы нақты бейнесі мен беделін қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетеді. Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді еліміздің мақтанышы және халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі деп атады. Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзіндегі ең үздік боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыздың жігерленіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.

Ұқсас жазбалар

Жерде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды

Жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер…

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мың жас сапқа тұрды

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштері 21 мыңнан астам азаматпен толықты. Жастарға арналған…