Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіретін бейнеролик түсірген ер адам ұсталды. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Желіде полиция формасын киген 30 жастағы ер адамның қатысуымен түсірілген видеолар жарияланған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамға құқық қорғау органдарының айырым белгілері бар формалық киімді заңсыз кигені және заңға қайшы контент таратқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары соттың қарауына жолданды.

Астана қаласының полиция департаменті құқық қорғау органдарының нышандары мен формасын заңсыз пайдалануға және полицияның беделін түсіретін материалдарды таратуға жол берілмейтінін ескертті.

Ұқсас жазбалар

Үндістандағы көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында нөсер жаңбырдан болған көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тауып, 10…

14 облыста аптап ыстық күтіледі — Қазгидромет

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында қатты ыстық болады.

Алдағы күндері Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазгидромет 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде…