Қоғам

Шанхайдағы халықаралық математика олимпиадасында қазақ балалары 6 медаль жеңіп алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан құрамасы Шанхайда өткен 67-ші Халықаралық математика олимпиадасында (IMO) сәтті өнер көрсетті. Әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың біріне 117 елден 700-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күміс медаль иегерлері: Тимур Мұрат, Әли Еркебұланұлы, Батырхан Бейғанов. Қола медаль иегерлері: Ерасыл Алтынбек, Марғұлан Шәрел, Әмірлан Аманжолов.

Халықаралық математика олимпиадасы 1959 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиадаға 1992 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 16 алтын, 54 күміс және 86 қола медаль, сондай-ақ 30 құрмет грамотасын жеңіп алды.

Көп оқылғандар