Сурет: Depositphotos.сom
Қазақстан ұлттық төлем жүйесін 11 елдің жүйесімен біріктіру бойынша жұмыс атқарып жатыр. Олардың қатарында Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан және Үндістан бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елдердің толық тізімі әзірге жарияланбады. Қытай осы жүйені алғашқылардың бірі болып енгізуі мүмкін.
QR-код арқылы төлем жасауды сынақтан өткізу биылғы жылдың соңында басталмақ. Сынақ сәтті аяқталса, 2027 жылдан бастап Қазақстан азаматтары Қытайдағы сатып алулары үшін еліміздің кез келген банктік қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасай алады. Сондай-ақ қытайлық туристер де Қазақстанда осы әдіспен төлем жасау мүмкіндігіне ие болады.
Басқа елдер үшін жеке жол карталары әзірленді. Кейбірінде іске қосу 2027 жылға жоспарланса, басқаларында интеграция процесі екі жылға дейін созылуы мүмкін. Болашақта елдер тізімі кеңейтілуі де ықтимал.
Бұған дейін 7 шілдеден бастап төлемдер мен ақша аударымдарына арналған бірыңғай QR-код жүйесі кезең-кезеңімен енгізілетіні хабарланған болатын.
