Categories Қаржы

Қарыз тұзағынан құтылу: 250 млрд теңге кешіріліп, банкроттық рәсімі жеңілдейді

Қазақстанда банкрот деп танылған азаматтардың 250 миллиард теңгеден астам қарызы кешірілетін болды. Бұл – қарызға белшесінен батқан мыңдаған адамға нағыз демеу.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 1 118 азамат пайдаланған. Олардың қатарында әлеуметтік осал топтар мен көпбалалы отбасылар көп.

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұл рәсім қарызды толық өтей алмайтындарға арналған.

«Біздің мақсат – азаматтарды қарыз тұзағынан шығарып, олардың өмірін жеңілдету. Банкроттық рәсімі арқылы адамдар екінші мүмкіндік алады», – деді ол.

Мамандардың айтуынша, қарыз кешіру тек банкрот деп танылғандарға ғана қатысты. Алдағы уақытта рәсімді жеңілдету жоспарлануда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Цифрлық теңге мемлекеттік сатып алуларда, инвестициялық жобаларда, субсидиялау…

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды. Құрылысқа 3 млрд теңге жеке инвестиция салынып, 200 медицина қызметкері жұмысқа…

Қазақстан мен Қытай терең өңдеу жобаларын талқылады

Үрімшіде өткен кездесуде Қазақстан мен Қытай көмір химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және ветеринария…