Қоғам

Кітапхана саласының деректерін талдайтын LABA платформасы таныстырылды

Сурет: ашық дереккөз

Астанадағы Ұлттық кітапханада LABA (Library and Book Analytics) атты жаңа аналитикалық медиаплатформа көпшілікке ұсынылды. Бұл жүйе еліміздегі кітапхана ісінің негізгі статистикалық көрсеткіштерін біріктіреді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Платформадан кітапханалар желісі, оқырмандар мен келушілер саны, кітап қоры, берілген әдебиеттер, цифрлық ресурстар және кадрлық әлеует туралы мәліметтерді табуға болады. Деректер диаграмма, рейтинг, интерактивті кесте және өңірлер бойынша салыстырмалы түрде ұсынылған.

Бұл саладағы өзгерістерді бақылап, аймақтардың көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік береді. LABA платформасының негізіне «Қазақстан кітапханалары – 2025 жыл. Мәліметтер мен сандар» ғылыми-сараптамалық шолуы алынған. Жаңа статистикалық есептер жарияланған сайын ақпарат жедел жаңартылып отырады.

Интерфейс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді, сондай-ақ мобильді құрылғыларға бейімделген. Жоба авторы – Ұлттық кітапхананың ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Нұрлыхан Жұмахан. Платформаға bynurlykhan.github.io/laba сілтемесі арқылы кіруге болады.

Көп оқылғандар