Басты тақырып

Каспий теңізінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі тіркелді

Сурет: ашық дереккөз

Каспий теңізінде, Гала станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде магнитудасы 3,1 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросы мәлімдеді.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 05:52-де тіркелген. Ошағы 31 шақырым тереңдікте жатыр.

Айта кетейік, өткен апта соңында Шығыс Қазақстанда да жер сілкінісі болған.

Көп оқылғандар