Спорт

Испания футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Испания құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Бельгияны 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Испандықтар сапында Фабиан Руис пен Микель Мерино гол соқты. Бельгияның жалғыз голын Шарль де Кетеларе енгізді.

Бұл ойында Испания қақпашысы Унаи Симонның гол өткізбеу рекорды үзілді. Ол 649 минут бойы қақпасын құрғақ ұстаған еді.

Бельгия қақпашысы Тибо Куртуа жарақатына байланысты 71-минутта алаңнан кетті. Оның орнына «Манчестер Юнайтедтің» қақпашысы Сенне Ламменс шықты.

Испания 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 14 шілдеде Далласта (АҚШ) Франциямен финал жолдамасы үшін ойнайды.

Көп оқылғандар