Қаржы

Доллар 15 қыркүйекте 447,80 теңге болды

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда 15 қыркүйектегі ресми бағам бойынша АҚШ доллары 447,80 теңге, еуро 516,76 теңге, ресей рублі 5,30 теңге деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сату бағамы 445,90 теңге, сатып алу бағамы 452,89 теңге болды. Еуро 515,89–525,76 теңге, рубль 5,05–5,26 теңге аралығында саудаланды.

Алматыда доллар 447,56 теңгеден сатылып, 450 теңгеден сатып алынды. Еуро бағамы 515,95–521,31 теңге, рубль 5,08–5,20 теңге шегінде қалыптасты.

Айта кетейік, 14 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасының орташа бағамы 447,80 теңге болды. 10 қыркүйекте доллар бір тәулікте 5,82 теңгеге арзандаған еді.

Көп оқылғандар