Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Лондондық клуб жолдастық кездесуде Англияның үшінші дивизионында өнер көрсететін «Краун» командасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. «Челси» сапында голдарды Джейми Гиттенс, Лиам Делап және Эммануэль Эмега соқты.
Кездесуде жастар құрамынан бірнеше ойыншыға мүмкіндік берілді. Олардың қатарында Реджи Уолш, Реджи Уотсон және қазақстандық Дастан Сәтпаев та болды. Дастан үзілістен кейін алаңға шығып, «Челси» сапындағы ресми емес алғашқы ойынын өткізді.
Мазмұнға өту
