Categories Қаржы

2025 жылы Қазақстанның ІЖӨ өсімі 6,5 пайызды құрады

Сурет: Gov.kz

2025 жылы Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің өсімі 6,5 пайызға жетті. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев баяндады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, экономикалық белсенділікті көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауда сияқты нақты сектордың негізгі салалары жеделдеткен. Мемлекеттік борыш белгіленген дәліз бойында қалып, жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 22,8 пайызын немесе 36,4 трлн теңгені құраған. ІЖӨ көлемі 159,6 трлн теңге болған.

«Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың аяғында 73,8 млрд долларды құрады, оның ішінде валюталық қордың активтері – 63,9 млрд доллар. Бұл сомада «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қарастырылған 1,57 млрд доллар мөлшеріндегі нысаналы талаптар жоқ», – деп атап өтті министр.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Цифрлық теңге мемлекеттік сатып алуларда, инвестициялық жобаларда, субсидиялау…

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды. Құрылысқа 3 млрд теңге жеке инвестиция салынып, 200 медицина қызметкері жұмысқа…

Қазақстан мен Қытай терең өңдеу жобаларын талқылады

Үрімшіде өткен кездесуде Қазақстан мен Қытай көмір химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және ветеринария…