Categories Спорт

«CHILDREN’S ЛИГА – 2025»: Оралда футзалдан екі айға созылған балалар турнирі аяқталды

 

Батыс Қазақстан облысында 2011–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен «Children’s Лига – 2025» футбол турнирі өз мәресіне жетті.

Наурыз айында басталған додада кішкентай футболшылардың шеберлігі мен жеңіске деген жігеріне көрермен қанық болды.

Аталмыш турнир БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, БҚО футзал қауымдастығының ұйымдастыруымен өтті.

2013–2014 ж. санатындағы жеңімпаздар:
🥇 Football Time
🥈 Football Time-2
🥉 Батыс-Қамқор

2011–2012 ж. санатындағы жеңімпаздар:
🥇 Батыс-Қамқор
🥈 Makhambet Company
🥉 Football Time

Марапаттау рәсіміне БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов қатысып, жас футболшыларға арнайы кубоктар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

Ұқсас жазбалар

Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі: қазақстандық теннисшілердің нәтижесі

Парижде «Үлкен дулыға» санатындағы 135 жылдық тарихы бар «Ролан Гаррос» турнирі аяқталды. Қазақстандық теннисшілер арасында…

Қазақстан құрамасы Мажарстаннан 1:3 есебімен жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-та төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тың Фуллертон қаласында өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды.