Қонаевта жазушы ескерткішін қорлаған бұзақы ұсталды: видеодағы әрекеті

Сурет: instagram.com/sergek_almaty_

Қонаев қаласындағы Орталық саябақта жазушы Бердібек Соқпақбаев пен «Менің атым Қожа» кейіпкерінің ескерткішін қорлаған адам ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға әлеуметтік желіде тараған видео негізінде хабар түскен. Бейнежазбада белгісіз ер адам ескерткішке шығып, әдепсіз әрекет жасаған.

«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындады», — деді облыстық полиция департаментінің өкілі.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған материалдар сотқа жолданды. Ескерткіш қорлау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей күнімен құттықтап, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.

Президент педагог мәртебесі туралы заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесіне қатысты екі заңға қол қойды.

Филиппиндегі жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 55 адамға жетті

Филиппиннің Минданао аралы жағалауында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 55 адамға жетті. Тағы…