Categories Ақорда

Президент Токио қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралады

Сурет:Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл орталық азаматтық қорғаныс жүйесінің және мегаполистегі қауіп-қатерлердің алдын алудың негізгі буыны саналады.

Орталықта қаладағы жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, төтенше жағдай туындаған кезде мемлекеттік органдардың іс-қимылы үйлестіріледі, сондай-ақ жер сілкінісі, тайфун, су тасқыны, ірі техногендік апаттар мен терроризм қаупі сияқты ықтимал қатерлерге қатысты ақпарат талданады.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жалған мәліметтердің таралуына қарсы әрекет етуге ерекше назар аударылады. Бұл бағытта тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы бөлімше қызмет атқарады.

Күнделікті режимде орталық дағдарыс жағдайларын басқару жүйелерін жоспарлау және жетілдіру, азаматтық қорғаныстың өңірлік жоспарларын әзірлеу, оқу-жаттығулар ұйымдастыру, халықты құлақтандыру және апат салдарын жоюға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту жұмыстарымен айналысады.

Ұқсас жазбалар

Атырауда Эльмира Жаңабайдың ізіне түскен жас әйелдің халі белгісіз

Атырауда Эльмира Жаңабайдың ізіне түскен жас әйел хабар-ошарсыз кетті. Полиция іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Ерлан Карин азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Ерлан Карин төрағалық еткен Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысында бірқатар өтініштер қаралып, шешімдер қабылданды.

Олжас Бектенов жағажайлар мен бассейндерді 1 маусымға дейін тексеруді бұйырды

Премьер-министр Олжас Бектенов су айдындары, жағажайлар мен бассейндерді 1 маусымға дейін тексеруді тапсырды.