Жайық news

БҚО-да қоғамдық орынды ластағандар жауапкершілікке тартылды

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаудың 442 фактісі анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жуырда жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының жазбаларын талдау барысында қоғамдық орынды ластау фактісі анықталды: жастар М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің жанындағы көшеде, студенттер жиі серуендейтін жерде жерге темекі қалдықтарын тастаған.

Полиция қызметкерлері бұзушылардың жеке басын анықтап, олармен профилактикалық түсіндіру әңгімелерін жүргізді. Сонымен қатар аталған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға, қоқысты тек арнайы белгіленген жерлерге тастауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Тазалық пен тәртіпті сақтау — тиісті қызметтердің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті.

«Таза Қазақстан» — таза әрі жайлы болашаққа ортақ үлесіміз!

Көп оқылғандар