Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысында Президент Жолдауында айтылған ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік саланы жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру және денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға қатысушылар саланың өзекті проблемаларын көтеріп, медицина қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы реформалардың маңыздылығы және алдағы міндеттер туралы пікір алмасылды.
Кездесу соңында айтылған ұсыныстар мен ескертулер назарға алынып, саланы дамыту жұмыстарын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Теректі ауданының тұрғындарымен кездесуде азаматтардың күнделікті өміріне қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыру, халықты жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша пікір алмасылды.
Мәжіліс депутаттары тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелер бақылауға алынатынын атап өтті. Мұндай кездесулер халықпен тікелей диалог орнатуға және өңірлердің өзекті проблемаларын талқылауға мүмкіндік береді.
Мазмұнға өту
