Спорт

Ауыр атлет Нұржан Жұмабай жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Колумбияның Кали қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, серпе көтеруде жаңа әлем рекордын орнатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қос сайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (жұлқа көтеруде – 155 кг, серпе көтеруде – 193 кг) еңсеріп, алтын жүлдені иеленді. 193 келілік нәтиже жасөспірімдер арасындағы әлемнің жаңа рекорды ретінде тіркелді.

Күміс медальді Испания өкілі Эрик Гуадамуд жеңіп алса, қола жүлде мексикалық Хосе Мантильяға бұйырды. Осылайша Нұржан Жұмабай әлем чемпионы атанып қана қоймай, халықаралық додада Қазақстанның абыройын асқақтатып, жасөспірімдер арасындағы жаңа әлемдік жетістікке қол жеткізді.

Көп оқылғандар