Categories Жайық news

Қазақстанда қару сақтау ережесі қатаңдады: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қару иелері мен жеке күзет ұйымдарына қатысты талаптарды күшейтетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Заңға сәйкес, енді жеке күзет ұйымдары өз қызметін уақытша тоқтатқан немесе қайта бастаған жағдайда, сондай-ақ заңды тұлға ретінде тіркелген мекенжайынан тыс жерде қызмет көрсетсе, бұл туралы уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

Сонымен қатар, заңда күзет ұйымдарының уәкілетті органға өз жұмысы туралы есеп беру міндеті де бекітілген.

Бұдан бөлек, азаматтық және қызметтік қару иелері үшін де қосымша міндеттемелер енгізілді. Атап айтқанда, қару иелері:

• Иір ойықты қаруды бақылау атысы үшін ұсынуы тиіс. Бұл талапты уақытылы орындамаған жағдайда, қаруды сақтауға берілген рұқсаттың күші уақытша тоқтатылуы мүмкін.

• Қару иесі саналатын заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, қару мен оның оқ-дәрілері он жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына сақтауға тапсырылуы керек.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады

28 маусымда Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өздеріне жүктелген…