Қоғам қайраткерлеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстау рәсімі өтті. Басылым даналары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдеріне, сондай-ақ Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелеріне ұсынылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шарада Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция елдегі соңғы жылдардағы саяси және қоғамдық реформалардың заңды жалғасы екенін айтты. Оның сөзінше, құжаттың маңызы тек құқықтық нормалармен шектелмейді. Конституцияда мәдениет, ғылым және білім салалары маңызды конституциялық құндылықтар ретінде айқындалған. Ұлттық мәдени мұраны сақтау мен қорғау мемлекет міндеттерінің бірі ретінде бекітілген.

Аида Балаева жаңа Конституцияның негізінде Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттары жатқанын атап өтті. Кездесуде отбасы институтын қорғауға қатысты құқықтық кепілдіктердің күшейтілгені және қоғам үшін маңызды құндылықтардың жаңа деңгейде қамтылғаны айтылды.

Қазақстанның жаңа Конституциясы биыл 15 наурызда өткен республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданған. Құжат 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың қазақ-грузин серіктестігін нығайтудағы маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе ресми делегация мүшелерінің қатысуымен келіссөз өткізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық…

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министріне «Достық» орденін табыстады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Марапаттау рәсімінде…