Categories Қаржы

Курчатовта қуаты 700 МВт жаңа электр стансасының құрылысы басталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның басталуына орай уақыт капсуласын салтанатты түрде қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа электр стансасы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, энергия жүйесіндегі қуат тапшылығы тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ өңірдің индустриялық дамуына және инвестициялар тартуға қосымша мүмкіндік жасауға бағытталған.

Жобаның жалпы құны 759 млрд теңгені құрайды. Стратегиялық нысанды іске асыру 2026–2032 жылдарға жоспарланған. Станса пайдалануға берілгеннен кейін жыл сайын 5 млрд кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіретін болады. Бұл өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба қабылданған. Оның аясында жаңа және жаңғыртылатын қуаттардың жалпы көлемі 7,8 ГВт-қа жеткізіліп, 8 жаңа электр станциясын салу көзделген.

Жаңа құрылыс бағдарламасы еліміздің энергетикалық жүйесіндегі маңызды тораптарды қамтиды. Оның аясында Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасы, Екібастұз ГРЭС-3 (2 640 МВт), Қарағандыдағы ЖЭС (350 МВт), Екібастұздағы ЖЭС (180 МВт), сондай-ақ Жезқазған (500 МВт), Көкшетау (240 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларында жаңа жылу электр орталықтарын салу жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 100 млн еуродан асатын сутегі өндіру жобасы іске асырылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Air Liquide, Wabtec және Alstom компанияларының басшыларымен кездесіп, Қазақстандағы инвестициялық…

Денсаулық сақтау министрлігі 2027 жылға дәрі-дәрмек сатып алуды мерзімінен бұрын бастады

Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютормен бірлесіп, 2027 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып…

Астанада Apple Store үлгісіндегі Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды

Астанада Apple Store үлгісіндегі Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды. Мұнда басты назар құжаттарды өз бетінше…