Сурет: Fifa.com
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Марокко құрамасы ширек финалға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Африкалық команда 1/8 финалда турнир қожайындарының бірі Канадамен кездесті. Бірінші таймда есеп ашылмады, бірақ марокколықтар белсенді ойын көрсетті.
Екінші кезеңде олар үш гол соқты. Аззедин Унаи 58-ші және 82-ші минуттарда екі рет дәл соққы жасаса, Суфьян Рахими 98-ші минутта үшінші голды енгізді. Нәтижесінде Марокко 3:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

