Басты тақырып

Ақмола облысында екі ауданда өрт болды: тікұшақтар су шашты

Сурет: 112кз

Бұланды және Целиноград аудандарында өрт оқиғалары тіркелді. Бұланды ауданындағы 26-разъезд станциясы маңында шамамен 5 гектар жерде орман төсеніші жанған. Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті әкімдік, орман шаруашылығы мекемелері және «Ауыл құтқарушылары» бөлімшелерінен барлығы 100 адам мен 21 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, әуе күштері де тартылды. ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы 6 рет су төгіп, барлығы 18 тонна су шашты. Ал «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы 22 рет су төгіп, 13 тонна су таратты. Қазіргі уақытта өрт оқшауланған, толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Целиноград ауданындағы Ыбырай Алтынсарин ауылы маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт толық сөндірілді. Бұл өртті сөндіруге Ақмола облысы мен Астана қаласының ТЖД күштері — 47 қызметкер мен 12 техника жұмылдырылды.

Екі жағдайда да қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және отпен абай болуға шақырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көп оқылғандар