Спорт

Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Сурет: Report

Англия құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Англиялықтар Францияны 6:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жеңімпаздар сапында Деклан Райс (3-минут), Эзри Конса (18), Букайо Сака (37, 45+1, 87-пенальти) және Джуд Беллингем (90+8) гол соқты. Франция құрамасынан Килиан Мбаппе (48, 66), Брэдли Барколя (54) және Усман Дембеле (90+6) мергендік танытты.

Қола жүлде үшін матч АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласындағы «Хард Рок» стадионында (әлем чемпионаты кезінде «Майами стадионы» деп аталады) өтті.

Кездесуге FIFA төрешісі Хесус Валенсуэла бастаған венесуэлалық төрешілер бригадасы қазылық етті.

Көп оқылғандар