Сурет: Air Astana
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Компания мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған Алматы – Дубай – Алматы және Астана – Дубай – Астана бағыттарындағы рейстер тоқтатылды.
Жолаушыларға билеттерінің толық құнын сатып алған жері бойынша қайтару немесе 12–18 шілде аралығындағы рейстерді 31 шілдеге дейінгі басқа рейстерге тегін ауыстыру мүмкіндігі беріледі,
делінген хабарламада. Әуе компаниясы рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы қосымша ақпарат беретінін мәлімдеді.
Мазмұнға өту
