Сурет: Air Astana
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріне орындалатын кейбір рейстерді уақытша тоқтататынын хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Компанияның мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған Алматы – Дубай – Алматы және Астана – Дубай – Астана бағытындағы рейстер тоқтатылған.
Жолаушыларға билеттерінің толық құнын сатып алған жері бойынша қайтару немесе 12–18 шілде аралығындағы рейстерді 31 шілдеге дейінгі басқа рейстерге тегін қайта ауыстыру мүмкіндігі беріледі, делінген хабарламада.
Әуе компаниясы рейстер кестесіндегі кейінгі өзгерістер туралы қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.
Мазмұнға өту
