Тоқаев пен Израиль президенті Ақордада кездесті: әке жолын жалғаған сапар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогты Ақордада қабылдады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Израиль Президенті Қазақстанға сапармен келгеніне қуанышты екенін айтты. Ол 1993 жылы Астанаға ресми сапар жасаған әкесі Хаим Герцогтың ізін жалғағанын атап өтті.

«Әкемнің Қазақстанға сапары мен үшін үлкен мәнге ие. Оның жолын жалғап, Ақордада болуым – ерекше құрмет», – деді Ицхак Герцог кездесуде.

Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, инвестиция тартуға және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты. Келіссөздер шағын құрамда өтті.

Ұқсас жазбалар

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға қол қойды

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға қол қойды. Құжат мүдделер қақтығысын реттеу, комплаенс-қызметтердің дербестігін күшейту және…

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей күнімен құттықтап, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.

Президент педагог мәртебесі туралы заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесіне қатысты екі заңға қол қойды.