Сурет: Egemen Qazaqstan
Аргентина құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Иорданияны 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Даллас қаласында өткен кездесуде жеңімпаз команда сапынан Джовани Ло Чельсо, Лаутаро Мартинес (пенальтиден) және Лионель Месси гол соқты. Иордания құрамасының жалғыз голын Мұса Әл-Тамари енгізді.
Осы ойыннан кейін Лионель Мессидің 2026 жылғы әлем чемпионатындағы голдарының саны алтыға жетті. Ол турнирдің үздік сұрмергені атанып тұр. Сондай-ақ, Месси әлем чемпионаттары тарихындағы голдарының санын 19-ға жеткізіп, осы көрсеткіш бойынша көш басындағы орнын нығайтты.
Аргентина құрамасы топтық кезеңдегі үш ойында да жеңіске жетіп, 9 ұпаймен J тобында бірінші орын алды. Оңтүстік америкалықтар 1/16 финалда Кабо-Верде құрамасымен кездеседі. Матч 4 шілде күні Майамиде өтеді.
Ал Иордания құрамасы үш кездесуде де ұпай жинай алмай, топ соңында қалып, турнирдегі өнерін аяқтады.

