Сурет: Egemen Qazaqstan
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қазақстанның Еуропа елдерінен депортацияланатын заңсыз мигранттар мен босқындарды орналастыру мәселесі бойынша Еуропалық одақпен ешқандай келіссөз жүргізбегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, бұл мәселе визалық диалог аясында да, реадмиссия мәселелері бойынша да талқыланбаған. Ерлан Жетібаевтың айтуынша, визалық режимді жеңілдету немесе визалық өзара іс-қимылды дамыту мұндай міндеттемелерді қабылдауға негіз бола алмайды.

