«Арсенал» 22 жылдық үзілістен кейін Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды. Лондондық клуб бұл жолы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Басты қарсыласы «Манчестер Сити» чемпионаттың 34-турында «Эвертонмен» 2:2 есебімен тең түсті. Осы нәтижеден кейін «Арсеналдың» басымдығы еселеніп, оларды қуып жету мүмкін емес болды.
«Біз тарихи сәтті бастан кешіріп жатырмыз. Команда мен жанкүйерлер 22 жыл бойы осы сәтті күтті», – деді «Арсеналдың» бас бапкері.
«Арсенал» соңғы рет 2003/04 маусымында жеңіске жеткен еді. Содан бері команда бірнеше рет жақындағанымен, чемпиондықты қанжығалай алмай келген.
Енді лондондықтар маусымның қалған ойындарына еркін шығып, жастарға мүмкіндік беруі мүмкін.

