Categories Шартарап

«Реал Мадрид» Марк Кукурельяны «Челсиден» 60 млн еуроға сатып алды

Сурет: Sport.es

Жаңа маусым қарсаңында «Реал Мадрид» алғашқы трансферін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Клуб 27 жастағы Испания құрамасының қорғаушысы Марк Кукурельяны лондондық «Челсиден» 60 млн еуроға сатып алды. «Челсиді» Хаби Алонсо баптайды. Футболшымен 2032 жылға дейін келісімшарт жасалған.

Кукурелья – Испанияның «Эспаньол» мен «Барселона» академияларының түлегі. Кәсіби мансабын 2017 жылы бастаған. Ол «Челси» сапында 113 матч өткізіп, 6 гол соққан. 2024 жылы Еуропа чемпионы атанған. Жаңа ойыншы «Реалға» әлем біріншілігі аяқталғаннан кейін қосылады деп жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Open Air концерті: «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі

6 шілдеде Елорда күніне орай «Астана Арена» стадионы алаңында Open Air форматында мерекелік концерт өтеді.

Ұлттық домбыра күніне орай елімізде 2000-нан астам іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді. Оның ішінде концерттер,…

Астанадағы жаңа туристік нысандар 352 мың туристі тартты

2026 жылдың бірінші тоқсанында Астанаға келген туристер саны 12%-ға өсіп, 352 мыңнан асты. Жаңа туристік…