Сурет: primeminister.kz
Өткен жылдың мамырында сыбайлас жемқорлық үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сот шешімімен Қожағапановтың өтелмеген жаза бөлігі айыппұлға ауыстырылған.
Жазаны ауыстыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және сот үкімін орындауға қатысты басқа мәселелер бойынша материалдарды қарау мен шешім қабылдау тек сот органдарының құзыретіне жатады, — деп хабарлады комитет.
2024 жылдың наурызында бұрынғы вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оны 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікпен ұстаған.
Мазмұнға өту
