Астанада автобус пен пойыз соқтығысып, жүргізуші жауапқа тартылды

Сурет: Видеодан скрин

Астанадағы Лесозавод ауданында орналасқан теміржол өткелінде №30 бағыттағы қоғамдық көлік пойызбен соқтығысты. Полиция автобус жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Iveco» автобусының жүргізушісі Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелінен өткен кезде тепловозға жол бермеген.

«Апат салдарынан автобус инерциялық жағдайда Hyundai автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ. Осы факті бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Бұл іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 607-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген. Аталған бап теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзуға қатысты. Автобус жүргізушісі 9 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Жерде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды

Жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер…

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мың жас сапқа тұрды

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштері 21 мыңнан астам азаматпен толықты. Жастарға арналған…