Сурет: Ерлан Омар/ Egemen.kz
Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Egemen.kz мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, украин халқына бейбітшілік пен құт-береке тілеген.
Еске салайық, бүгін Президент әлем чемпионатында топ жарған жас дзюдошыларды құттықтады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесуінде дарынды жастарды және олардың ұстаздары мен тәлімгерлерін марапаттады.
Мазмұнға өту
