Categories Саясат

Неміс депутаттары жалақыны көтеруден бас тартты

Сурет: DW

Бундестаг 2026 жылы парламент мүшелерінің жалақысын көтеру жоспарынан бас тартады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, тиісті заң жобасы 11 маусымға жоспарланған парламент отырысының күн тәртібіне енгізілген. Шешім қабылдауға биліктегі ХДС/ХСС және СДП фракциялары бастамашы болды. Олар сайлаушыларға қазіргі күрделі қаржылық-экономикалық жағдайда шығындарды қысқартуға дайын екендіктерін көрсеткісі келеді.

Билеуші фракциялар бюджет қысымы кезінде парламент депутаттары шығындарды азайтуға «өз үлестерін қосуы» керек екенін атап көрсетеді. Оппозициялық партиялар – «Жасылдар», «Германия үшін балама» және «Солшылдар» да өсімге қарсы. Осылайша бұл мәселе кең саяси қолдауға ие болды.

Бұрын парламенттің барлық 630 депутатының жалақысы айына 500 еуроға артып, 12 330 еуроға жетеді деп болжанған. Бұл өсім Германиядағы жалақының өсуіне негізделген автоматты түрде есептеледі. YouGov сауалнамасына сәйкес, немістердің 85%-ы да парламенттік жалақыны көтеруге қарсы.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Германия жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға келісті

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе экономикалық ынтымақтастық мәселелерін…

Қазақстанда «Топырақты қорғау туралы» Заң қабылданды

Парламент Сенаты «Топырақты қорғау туралы» заңды және оған ілеспе түзетулерді мақұлдады. Құжат топырақты қорғау саласындағы…

Прокурорлар Қамшыбек Тәшиевке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Бішкекте бұрынғы ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты «75 ісі» бойынша сотта прокурорлар 9 жыл бас…