Categories Қаржы

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өз компаниясының қызметкерлеріне тағы 50 пәтер сыйға тартты. Бұл – оның еңбек ұжымына деген қамқорлығының кезекті көрінісі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Пәтерлер компанияның үздік жұмысшыларына, көпбалалы отбасыларға және еңбек өтілі ұзақ мамандарға берілді. Кәсіпкер бұл бастамасымен еліміздегі әлеуметтік жауапкершілікті бизнес үлгісін насихаттап келеді.

«Біздің басты байлығымыз – адамдар. Еңбек адамын қолдау – парызым», – деді Тұрсынғали Алагөзов салтанатты шарада.

Бұған дейін де кәсіпкер жұмысшыларына тұрғын үй сыйлап, әлеуметтік жобаларды қаржыландырып жүрген. Бұл жолы да пәтер иелерінің қуанышында шек болмады.

Ұқсас жазбалар

2025 жылы Қазақстанның ІЖӨ өсімі 6,5 пайызды құрады

2025 жылы Қазақстанда ІЖӨ өсімі 6,5 пайызды құрады. Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілісте баяндады.

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге өсті. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Қазақстанда 669 дәрі-дәрмектің бағасы төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі 2635 дәрілік препаратқа салыстырмалы баға талдауын жүргізіп, 669 дәрі-дәрмектің бағасы төмендегенін анықтады.