Categories Жайық news

Алматы әуежайы 6,8 млрд теңгені акционер емес компанияға заңсыз аударған

Алматы халықаралық әуежайының акционерлер қатарында жоқ компанияға 6,8 миллиард теңге дивиденд төлегені белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл заңбұзушылықты Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мамандары анықтаған. Олар әуежайдың қаржылық қызметіне алдын алу бақылауын жүргізу барысында осындай ірі көлемдегі заңсыздықты әшкереледі.

«Акционер мәртебесі жоқ заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге сомасында дивиденд заңсыз төленгені анықталды. Бұл стратегиялық нысанның қаржылық тұрақтылығына әсер етіп, оның активтері мен даму әлеуетін төмендеткен», – делінген ведомство хабарламасында.

Тексеріс нәтижесінде заңсыз аударылған қаражат толығымен әуежай балансына қайтарылды. Қаржы министрлігінің мәліметінше, енді бұл ақша әуе айлағын дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Қауіпсіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Білім басқармасы…

Оралда «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі басталды

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырған «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өз жұмысын бастады. Президент…

Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды

Ақтау халықаралық әуежайы жаңғыртудан кейін ең ірі ұшақтарды қабылдайды. Жобаның екінші кезеңі жүргізілуде, перрондағы жұмыстардың…