Categories Жайық news

Сиыр санын асырып көрсетіп, 20 млн теңгені жымқырған әйел сотталды

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы жалған мәліметтер арқылы мемлекеттен 20 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз иемденгені үшін сотталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Арыс ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіп саласын тексеру барысында аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған.

Тергеу мәліметінше, «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы 2021 жылы сәуірде мемлекеттік ақпараттық жүйеге жалған деректер енгізген. Ол кооператив атына 2470 бас аналық ірі қара мен 120 бас асыл тұқымды бұқаны жалға алғанын көрсетіп, мемлекеттен субсидия сұраған.

«Осы әрекетінің нәтижесінде кооперативтің есепшотына 24,7 млн теңге субсидия аударылған. Алайда, іс жүзінде селекциялық жұмыстар небәрі 18 бас асыл тұқымды бұқа мен 450 бас аналық сиырға ғана жүргізілген. Заңсыз алынған субсидия сомасы 20,2 млн теңгені құрады», – деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.

Сот үкімімен кооператив төрайымы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 5 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқара алмайды.

Прокуратураның мәлімдеуінше, заңсыз алынған қаражат толығымен мемлекет кірісіне қайтарылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: pixabay

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…