Categories Саясат

Автоқоңырауларға тыйым салынады: депутат заң жобасын ұсынды

Сурет: Ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов автоматты қайта қоңырау шалу – автодозвон мәселесін шешу үшін заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатқанын мәлімдеді. Енді жарнамалық қоңыраулардың орнына тек SMS хабарламалар ғана жіберіледі.

Депутаттың айтуынша, бұл шара азаматтардың тыныштығын бұзатын автоқоңыраулардың алдын алу үшін қажет. Заң жобасы қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып жатыр.

«Халықтың шағымы көп. Автоқоңыраулар адамдарды мазалайды. Сондықтан біз бұл мәселені түбегейлі шешуді жоспарлап отырмыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Жаңа ереже бойынша, компаниялар жарнамалық хабарландыруларды тек жазбаша түрде, яғни SMS арқылы жібере алады. Бұл азаматтардың қоңырауларға жауап беруге мәжбүр болмауын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен тыс Съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

Астанада Respublica партиясының кезектен тыс съезі өтті. Делегаттар партияның алдағы даму бағытын айқындап, алдағы электоралды…

Қазақстан аятолла Хаменеймен қоштасу рәсіміне қатысты

ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеймен қоштасуға арналған…