Орал жолдарында 10 мобильді көлік бақылау кешені іске кірісті

Бұл кешендер көліктерге орнатылып, жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды автоматты түрде анықтайды. Он кешеннің бесеуі жасырын көлік бақылау кешендері екенін айтқан ләзім. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.

2025 жылдың 4 шілдесінен бастап іске кіріскен кешендердің бесеуі «Кибер-Шерифке» ұқсас, атауы — «Ekin Patrol». Бес кешен жасырын бақылауға арналған, «X-Spotter» деп аталады. Кешендердің төртеуі арнайы түске боялмаған және жанып-сөнетін маяктары жоқ полиция көліктеріне орнатылса, біреуі қалалық автобустардың біріне қойылған. БҚО ПДаталмыш бақылау кешендері қала маңындағы жолдарда, Орал қаласының көшелерінде қолданылып, жылдамдықты белгіленген режимнен асыруды, тоқтау мен аялдау тәртібін бұзуды, қарсы қозғалыс жолағына шығуды автоматты түрде тіркейтінін ескертеді.

Ұқсас жазбалар

Демалыс күндері ауа райы құбылмалы: солтүстік пен оңтүстікте не күтіп тұр?

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, жел күшейеді. Оралда…

27 пойызға Starlink интернеті қосылады: жолаушылар жолда онлайн болады

Қазақстанның 27 жолаушылар пойызына Starlink спутниктік интернеті қосылады. Жолаушылар жолда онлайн бола алады.

Сургутта бойжеткеннің сөмкесіндегі powerbank өртеніп, лифтте дүрбелең тудырды

Сургуттағы лифтте бойжеткеннің сөмкесіндегі powerbank өртеніп, дүрбелең тудырды. Ешкім зардап шеккен жоқ.