Categories Әлем

Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында көпқабатты үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ресей Федерациясының Ростов облысы бойынша Тергеу комитетінің мәліметінше, мәйіт 16 маусымда табылған. Алдын ала деректер бойынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Баланың нақты неден көз жұмғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ростов облысының прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алғанын мәлімдеді. Қадағалау органы істің жан-жақты әрі толық зерттелуін бақылайтын болады.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…