Categories Жайық news

Әл-Фарабидегі даулы жол апаты: Алматының бірнеше полиция бастығы қызметінен босатылды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматының Әл-Фараби даңғылында болған даулы жол-көлік оқиғасынан кейін бірнеше жоғары лауазымды полиция қызметкерін жұмыстан босатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Министрдің бұйрығымен Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ Әкімшілік полиция және Қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары өз орындарынан айырылды. Бұған қоса, департамент басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бөлек, ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті «әдемі» мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру фактілері бойынша да қылмыстық істі тергеуді бастады.

Ведомство басшысы бұл істе ешкімге жеңілдік болмайтынын қатаң ескертті. Оның айтуынша, апатқа қатысушыларға ғана емес, оқиғаның мән-жайын жасыруға тырысқандарға да құқықтық баға беріледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…